Талғар соты аудан әкімі Қайдар Әбдіхановтың жергілікті белсендіге қатысты әкімнің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы арызын қарап жатыр. Әкімге зейнеткердің президент Тоқаевқа арызданғаны ұнамай қалған. Бәрі 2022 жылғы 31 қаңтарда басталды. Бұл күні қоғамшыл Клара Хасанова мен Талғар ауданының тағы 160 тұрғыны электрон үкімет порталы арқылы мемлекет басшысына және Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаевқа жүгініп,