Бүгін Астанада Тоқаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп жатыр. Жиында елбасымыз қалалардың мүшкіл жағдайын сөз қылды. Қалаларымыз әдемі көрінбейді, мойындауымыз керек. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Бюджеттері әлдеқайда аз болғандықтан, шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалар өте әдемі көрінеді. Бұл муниципал биліктің жұмысы болса керек, екінші жағынан, бұл - қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне деген көзқарасы.