Орал қаласындағы Ахмирова көшесінің жолы «Саудагер» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің күшімен жөнделді. Аманаттықтар шамамен 10 млн теңге қаражат жинап, мердігерлерді жалдады. Асфальт бар болғаны бір күн ішінде төселді. Жолдың нашарлығын айтып жергілікті тұрғындар жылдар бойы мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырған еді. Алайда олардың проблемасына тек «AMANAT» партиясы құлақ асты. Осында тұрып жатқаныма 20 жылдан астам уақыт