Фото: видеодан скрин Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Құрылыс–Қараөзек жолы тұрғындардың жүйкесін жұқартқан мәселеге айналды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Кадрлардан жолдың лайсаңға айналып, жеңіл көліктер үшін жүру іс жүзінде мүмкін емес екені көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл проблема бір-екі күндік емес, жылдар бойы шешілмей келеді. Жөндеу жұмыстары тек Новорыбинкаға дейін жүргізіліп, Қараөзек жағы назардан тыс...