Фото: видеодан скрин Тараздағы жалғыз қалалық жағажай «Зербұлақ» көлінің бүгінгі сиқы тұрғындардың ызасын тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. Кезінде бұл аумақты жеке инвесторға 50 жылға сенімгерлік басқаруға бергенде, шенеуніктер жайлы демалыс орны мен заманауи инфрақұрылым уәде еткен еді. Алайда, уәде үйіп-төккен жергілікті биліктің «қамқорлығы» іс жүзінде мүлдем басқа сипат алды. Бүгінде халық демалатын орын иесіз...