Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді. …