25 ақпанда Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Машинист теміржолға шығып алған жылқыларды көріп, дереу шұғыл тежеуді басқан. Дегенмен пойыз тоқтап үлгермей, 32 жылқыны қағып кеткен. Пойыздың тұрағы 50 минутты құрады. Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен