Ақмола облысында мектеп қазандығында жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 18 қарашада 12:18-де Аршалы ауылы, Писарев көшесі, 18-үйде болған. Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында, жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылып, ғимарат құрылымы бұзылған, деді Руслан Иманқұлов. Үш