Ақмола облысында теміржол бойында жүрген жылқылардың салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 11 наурыз күні таңертең Торғай – Сілеті теміржол аралығында Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі жол үстінде жүрген жылқыларды байқап, шұғыл тежеу қолданған. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмай, пойыз 11 жылқыны қағып кеткен. Оқиға салдарынан...