Фото: Pixabay Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» компаниясына тиесілі «Новая» шахтасынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ол Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. «Ол шахта аумағына заңсыз түскен. Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады облыстық полициядағылар. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар