Ақмола облысы, Арбузинка ауылы іргесіндегі Сарқырама өзені тасып, жолды шайып кетті. Салдарынан екі жүзге жуық тұрғын сыртқа шыға алмай, о дүниелік болғандарды ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ақмола облысында Сарқырама өзені арнасынан асып, ауылды «қыспаққа алды». Тұрғындардың күн көзін көріп, сыртқа шығуының өзі мұңға айналғандай. Тіпті, өмірден озған жақындарын ауыл зиратына