Ақмолалық полиция облыс тұрғынын бір келіден астам есірткімен қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ақмола полицейлері үй-жайда 1 келіден астам есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Сараптама бұл марихуана екендігін көрсеткен.