Үкімет қаулысымен Нұргүл Мауберлинова берген өтініші бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген. Саранның Абай атындағы педагогикалық училищесін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.