Ақсайдағы «КСС-Sicim» ЖШС қызметкерлері 16 қаңтардан бері наразылық білдіріп жатыр. Олар жалақыны екі есе көтеруді талап етті. Наразылық білдірушілермен сөйлесуге италиялық басшы Джузеппе Роделли келді. Ол Ақсайға үш күнде әрең жеткені үшін кешірім сұрап, оны «қазақ сияқты» қабылдауды өтінді. Сонымен қатар өзінің де қызметкерлер секілді қарапайым отбасынан екенін, әкесі автобус жүргізушісі болғанын атап өтті. Кейін