Бүгін қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 177 жыл. Айтулы мейрамның құрметіне орай Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ақынның өлеңдерін оқып, гитарамен «Көзімнің қарасы» әнін айтты. Видео елшіліктің Facebook-тегі парақшасында пайда болды.