Америка билігі Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету үшін қосымша 100 миллион доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми сапармен Түркияға барып, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аудандарды өз көзімен көрді. Нәтижесінде ол бұрын бөлінген қаражат көлемін ұлғайтуға уәде берді. Сонымен қатар санкцияларға қарамастан Сирияға да