Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құруға қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысты қылмыстық істе 12 айыпталушы жауап беруде. Олардың қатарында Руслан Бурханов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. Алдын ала тыңдалым онлайн режимде өтті. Сот отырысына айыпталушылар мен олардың жақындары,