Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев 29А шағын ауданын аралап, салынып жатқан құрылыстарға мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі аталған шағын аудандағы құрылыс нысандарына қатысты бірқатар мәселені қозғады.