Ақтауда екі елдің қорғаныс министрлері генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Олар «Қанжар-2023» бірлескен жедел-тактикалық арнайы оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтетін Ақтау гарнизонының әскери нысандарында болды.