Ақтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап, өлтірген күдіктіге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.