Ақтауда сыныптастарымен демалуға барған мектеп оқушысы Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды lada.kz агенттігі. Қайғылы оқиға 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауындағы туристерге суға түсуге тыйым салынған аумақта болған. Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің 9-сыныпта оқитын 24 оқушысы оқу жылының аяқталуын атап өтуге демалуға барған. Куәгерлердің айтуынша, бес жасөспірім суға түскен кезде бата бастаған.