Ақтауда 100-ден астам теңіз жаяу әскері бронды машинамен суда соғысу тәсілдерін пысықтауда деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Ұрыс техникасының механик-жүргізушілері бұған дейін жаттығу кешенінде машықтанған еді. Тәжірибе жинаған соң арнайы алаңда норматив тапсыруда. Сүрінбей өткендері БТР-82А маркалы транспортерді ашық теңізде басқаруға рұқсат алады. Теңізшілердің кезекті дәрісі жағалаудан 50 метр қашықта өтіп жатыр. #8230;