Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіндегі бетон маңдайшасы опырылып, бір адам қаза тапты. Сондай-ақ екі адам жарақат алды. Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, 11 мамырда қаладағы 9-шағынауданға қарасты №4 үйде болған. Аурухана өкілдері зардап шеккендердің екеуі қазір медициналық тексеруден өтіп жатқанын, біреуінің аяғы сынғанын мәлім етті. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қайтыс болғандар мен зардап