Ақтаудың №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 23 оқушының бәрі бірдей мемлекеттік грантқа ие болды. Олар енді тегін негізде жоғары білім ала алады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. Түлектердің сынып жетекшісі Ұлқия Максимованың айтуынша, кейбір түлек Түркия, Италия, Чехияда оқу үшін тіл курсына грант ұтып алған. Мемлекеттік грантты тағайындау конкурсына бұл түлектерден бөлек, тағы 19 оқушымыз да қатысқан.