Облыс әкімдігі «дұшпан аяққа қарайды» деген нақылды мықты ұстанатын сияқты. Өңірге келген мейманның көңілін де, аяқ киімін де кір шалмасын деген ниетпен барымызды салдық деп отыр. Оған қазынадан 200 мың теңгедей ақша бөлген. Тендер ойнату кезінде мердігер компания 99 мың теңгені қанағат тұтып, 200 аяқ киім тазалайтын сүрткіш сатып алуға келісіпті. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді