Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұрғынға оқ тиіп, жараланды. Қару қолданған күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Мөңке би ауылында болған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты. Алайда, оқиғаның мән-жайын нақтыламады. «Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен …