Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі өзенінің маңында мал бағып жүрген ер адамға найзағай түсті деп хабарлады turkystan.kz. 41 жастағы тұрғын 24 шілде күні сағат 06:50-де ауруханаға жеткізілген. Ақтөбелік дәрігерлердің айтуынша, найзағай түскен қойшының денесінің 15%-ын күйік шалған. Оның оң қолы, көкірек қуысы, құрсақ қабырғасы және оң аяғы зақымдалған. Дәрігерлер ер адамның жағдайын тұрақты деп бағалады.