Ақтөбе облысында «ҚазАвтоЖол» қызметкері тасжол бойынан қанаты жараланған аққуды тауып, құтқарып қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz. Оқиға «Ақтөбе-Мақат» тасжолының Қандыағаш бағытындағы бөлігінде болған. «ҚазАвтоЖолдың» Ақтөбе облыстық филиалының маманы жол бойында жүрген аққуды байқап, оның жағдайын тексерген. Құстың бір қанаты зақымданғаны анықталған. Жол қызметкері жаралы аққуды жолдан қауіпсіз жерге апарып, көмек көрсеткен. Компания мәліметінше, қазір құс ем …