Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізген полицей адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлік жүргізіп, рөлге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Екі адам да қаза болған.