Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінің рұқсат етілмеген аймағында 2004 жылы туған ер адам суға батып кетті. Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 қашықтықта, 2,5 тереңдіктен аталған азаматтың денесін шығарды.