Ақтөбе облысында 22 жасар жігіт суға батып кете жаздады. Оған дер кезінде құтқарушылар көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Облыс орталығындағы Елек өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2002 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға алып шықты.