Ақтөбе перзентханасында үшем дүниеге келді. 36 жастағы келіншектің денсаулығы жақсы деп хабарлады turkystan.kz Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1986 жылғы келіншек жасанды ұрықтандыру нәтижесінде бала көтерген. Жүктіліктің 36-шы аптасында 25 мамыр күні облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған. 27 мамыр күні үш сәби дүниеге келді. Олардың есімдері Қасым, Жомарт, Кемел.