Ақтөбеде мектеп өртеніп, мыңға жуық адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше,22 ақпанда сағат 08:01-де 112 құтқару қызметіне Сәтбаев көшесіндегі №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Ақтөбеде өрттен 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілген.