Ақтөбеде Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды. Ақтөбе облыстық прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың айтуынша, 26 қазанда сағат 20:14-те «102» нөміріне Елек өзені жағасынан, К. Нокин даңғылының бойындағы «Оазис» монша кешеніне қарама-қарсы жерде екі мәйіттің жатқаны туралы хабарланған. Ағаштар арасынан 1991 жылы туған А. Көшкімбаев және 1995 жылы туған С. Тулеуовтың денесі табылды. Екеуін де