Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Ақтөбе облысының Полиция департаменті 26 қазанда Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Осы қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды.