Фото: видеодан скрин Ақтөбе қаласының Алтын Орда шағын ауданындағы 56Е мекенжайында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің сапасына қатысты тұрғындар дабыл қағуда. Олардың айтуынша, әлі толық пайдалануға берілмеген баспаналардың өзінде қабырғалар жарылып, түрлі құрылыс ақаулары байқала бастаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада төбе мен қабырға түйіскен тұстардың ажырап, сызат түскені анық...
Жаңалықтар