Ота жасалған бес науқастың үшеуі есін жиды. Ақтөбелік дәрігерлер 17 желтоқсанда жол апатынан зардап шеккен волейбол командасының балаларына бес ота жасады. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев брифингте ота жасалған науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болғарқа-Шұбақұдық тас жолында 11 адам, оның ішінде тоғыз бала жол апатына ұшырап, бір бала