Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде бауыздап кеткен. Әйелдің жасы 35-те, бала 16-да. Ал 13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде. Бұл жантүршігерлік қылмысты кім жасағаны белгісіз. Полиция тергеу тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Жалғызбасты келіншек екі баласымен осы үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді.