Мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу мемлекеттік әріптеске – 5%, жеке серіктеске – 95% мөлшерінде белгіленген. Бұл ақылы тұрақтан түсетін табыстың 5%-ы бюджетке, 95%-ы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-не тиесілі деген сөз. Мемлекеттік бюджетке 5% түсім аясында 12 млн тенгеден астам табыс түсті.