Атырауда 75 жасқа қараған шағында қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Әлия Дәулетбаева жеткізді: Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті. Өмір деген осы екен. Бетімізден қақпадыңыз. Еркелігімізді көтердіңіз. Қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой. Алла алдыңыздан жарылғасын, аға, делінген ол жазбада. Қойшығұл Жылқышиев 1948