Шығыс Қазақстан облысында Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сүңгуірлер тазартудың бірінші күнінде 90 келі темір шығарып алған деп хабарлады turkystan.kz. Көлдің түбін толық тексеру үшін құтқарушыларға үш күн қажет. «Сүңгуірлер 207 демалыс базасын, оның ішінде «Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінің бойындағы 4,1 шақырым жағалаудың түбін тазартады. Мұндай шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы …