«МузАрт» тобының солисі «Хабар» арнасындағы «Jup-Jubymen» жобасында Алаш зиялысының аты-жөнін білмей ұяты шықты. Әдетте қара домбыраны насихаттап, қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүретін әнші Мейрамбек Бесбаев әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың шоуында ыңғайсыз жағдайға тап болды. Аталмыш бағдарламаның шартына сай, жұлдызды жұптар бір минуттың ішінде ғылым, әдебиет, мәдениет, спорт саласының саңлақтарын, елімізге белгілі адамдар мен әлемдік деңгейде танылған