Бұл олардың шыңдала түскенін көрсетеді. Алып ұйымдардың ақшасын қағып алуды көздеген әккілер қорғансыз, тіпті, кей жағдайда қаржылық сауаты жоқ қарапайым адамды оңай «шағып» алары белгілі, деп жазды Қаржылық сауат арнасы. Алыста отырған алаяқ бар арам ойын телефон арқылы шешуге тырысады. Өйткені қоңырау қабылдаған адам абдырап қалуға бейім. Алаяқтар көп жағдайда сол әлсіздікті ұтымды пайдаланып кетеді.