Былтыр елімізде 84,5 миллион күмәнді қоңырау бұғатталған. Бұл – интернет алаяқтары қазақстандықтарға әр минут сайын шамамен 160 рет қоңырау шалғанын білдіреді. Ішкі істер министрлігінің дерегі қоғамды алаңдатып отыр. Ең сорақысы – технология дамыған сайын алаяқтардың да айласы күшейіп, олар бір қоңыраумен-ақ азаматтардың есепшотын босатып кететін деңгейге жеткен. Интернет алаяқтарының құрбаны болғандар ақшасын қайтара ала ма? Қандай жағдайда жоғалған қаржы кері қайтпайды? Ulysmedia.kz сұрақтарына заңгер Сабина Бекмағамбет жауап берді.
Жаңалықтар