Бүгінгі күні Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасып, жұмыс істейді. Оған базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы төлемі кіреді. Соңғысы, өздеріңіз білетіндей, азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады. Сонымен бірге, ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқартылуда, өйткені оны тағайындау кезінде тек 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге