Ресейлік блогер Алекс Лесли ұшақта отырған видеосын жариялап, Алматыға бара жатқанын мәлімдеді. Мені Қазақстанда күтіңіздер, сіздерге ұшып барамын. Ешқандай шектеу жоқ, әйтпесе мені ұшаққа отырғызбас еді. Әйелдеріңіз бен қыздарыңызды жасырыңдар, деп жазды ол. Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі блогерге бір жыл көлемінде Қазақстанға кіруге тыйым салынғанын мәлімдеген еді.