Аргентина мен Мексика құрамаларының матчынан кейін Лионель Мессиді жұрт көкке көтеруге дайын еді. Аргентинада «альбиселестенің» бас жұлдызын шынымен пір тұтады. Тартысты ойында оның голы мен пасы құрамаға 2:0 есебімен жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Ал мексикалықтар болса қазір Мессиді жерден алып, жерге салып жатыр. Олар «ПСЖ» форвардының футбол алаңындағы әрекеттеріне емес, Мессидің киіну бөлмесіндегі олақтығына ашулы.