Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Рим Папасы әлемде кедейлік пен теңсіздік болып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қауіпті індет пен түрлі қайғылы оқиғалар кедейлерге анағұрлым әсер етіп тұр. Сондықтан мұндай экономикалық теңсіздік жағдайында вирусты жою мүмкін емес. Билік қоғамдағы осал топтың үнін ести білуі керек. Қоғамның ең әлсіз және кедей топтарына көмек көрсету қажет.