Ресей – Украина арасында шиеленіс басталып, геосаяси ахуал ушыққаннан кейін БҰҰ әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Қымбатшылық әлем бойынша байқалып отыр. Бізде де қымбатшылық пен тапшылық мәселесі қатар аталып, «алда азық-түлік қат болады» деген ел ішіндегі түрлі болжамның шеті шықты. Жыл басында елімізде 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету …