Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Декларация мәтінін съездегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс таныстырды. Құжат 35 тармақтан тұрады. Онда қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар баяндалған. Қазіргі басты проблема - соғыстар мен экстремизмге қарсы тұру. Қорытынды декларацияда олар әскери қақтығыстар мен текетірестердің